«Ел болашағы – ортақ жауапкершілік»

WhatsApp Image 2026-11-29 at 10.53.56

2026 жылғы 29 қарашада Бұланды аудандық мәдениет үйінде мәслихат депутаттарының сайлауына орай «Ел болашағы – ортақ жауапкершілік» тақырыбында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыру, ел болашағына деген жауапкершілікті нығайту және тұрғындарды өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға шақыру.
Шара барысында жүргізушілер ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі – мәслихат депутаттарының сайлауының маңыздылығына тоқталды. Олар туған жердің өркендеуі, қоғамның дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

Сонымен қатар ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңыздылығы айтылып, әр азаматтың таңдауы мен азаматтық ұстанымы қоғамның дамуына өзіндік үлес қосатыны жеткізілді.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген қағиданы негізге алған іс-шара ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың қоғамдық өмірдегі белсенділігінің маңызын айқындады.

Іс-шараның негізгі идеясы – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы азаматтардың бірлігіне, жауапкершілігіне және ортақ мақсат жолындағы ынтымағына байланысты екенін көрсету.