Ақмолалық ардагерлер әлем чемпионатында қола медаль иеленді

WhatsApp Image 2026-11-25 at 09.55.55

Кипрдің Лимасол қаласында спорт шеберлері арасында самбодан әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 17 елінен келген спортшылар жеті жас санаты мен түрлі салмақ дәрежесінде чемпиондық атақ үшін бақ сынады.

Әлемдік біріншілікте Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсеткен Ақмола облысының спорт ардагерлері лайықты нәтиже көрсетіп, қола медальдарға ие болды.

Қорғалжын ауданынан 61 жастағы Мұрат Түсіпбеков 79 келі салмақ дәрежесінде (6-дивизион), ал Целиноград ауданынан 50 жастағы Сұлтан Нұрбол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (4-дивизион) қола жүлдегер атанды.

Ақмола облысының ардагерлер командасының жаттықтырушысы – Атбасар ауданынан Болатбек Шахмуратович Қажаев.