Державинск қаласының 60 жылдық мерейтойы
Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 29 тамыз күні сіздерді Державинск қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!
Бұл мерекелі күні сіздерді мазмұнды әрі қызықты бағдарлама күтеді:
🏇 10:00–12:00 — ұлттық ат спорты жарыстары: аламан бәйге, тай жарыс
📍 Ипподром
🎬 12:00–14:00 — конференция және «Алпыс жыл – ел тарихы» атты деректі фильмнің таныстырылымы
📍 Аудандық мәдениет үйі
⚽ 12:00–17:00 — футболдан ашық облыстық турнир
📍 «Жастар» стадионы
🏛️ 14:00–19:00 — Жарқайың аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі
📍 Қаланың орталық алаңы
🛍️ 16:00–21:00 — жергілікті креаторлардың брендтік өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі және көркемөнер көрмесі
📍 Қаланың орталық алаңы
💪 17:00–19:00 — ұлттық және спорттық сайыстар: «Қазақша күрес», «Асық ату», «Қой көтеру», армрестлинг, гір спорты, сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің мерекелік концерті
📍 Қаланың орталық алаңы
✨ 19:00–23:00 — Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін, мерекелік отшашумен аяқталатын мерекелік концерттік бағдарлама
📍 Қаланың орталық алаңы
Қаламыздың 60 жылдық мерейтойын бірге атап өтейік! 🎉✨🎆