«Батамен ел көгерер»: Ақмола облысында ұлттық дәстүр ұлықталды

WhatsApp Image 2026-11-29 at 09.18.25

Дауыс беру күні Ақмола облысының сайлау учаскелерінде «Батамен ел көгерер» акциясы өтті.

Өз таңдауын жасағаннан кейін аға буын өкілдері ақ баталарын беріп, Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу, елге бірлік пен ынтымақ, әр шаңыраққа амандық пен береке, жас ұрпаққа жарқын болашақ тіледі.

Бата – қазақ халқының рухани мәдениетінде ерекше орын алатын дәстүр. Ол үлкендердің даналығын, ұлттық құндылықтарға құрметті және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді.

Осылайша, ұлттық дәстүр маңызды қоғамдық іс-шарамен үндесіп, халықты біріктіретін ортақ құндылықтарды дәріптеді.