Тасөткел ауылында жәрмеңке мен мерекелік концерт өтті
23 тамыз күні Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы аясында Жарқайың ауданының Тасөткел ауылындағы №503 сайлау учаскесінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауыл тұрғындарына арналған жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері мен түрлі тауарлар ұсынылды. Тұрғындар қажетті өнімдерді сатып алуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылып, шығармашылық ұжымдар мен жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Ән мен күйге толы концерттік бағдарлама тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік іс-шаралар маңызды қоғамдық-саяси оқиға күні ауыл тұрғындарын біріктіріп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.