Тыл еңбеккері Шақтай Жүсіпов үйде дауыс берді

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.49.02

Жарқайың ауданында дауыс беруге тек сайлау учаскелеріне өздігінен келген тұрғындар ғана емес, сондай-ақ денсаулығына немесе жасына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін азаматтар да қатысуда. Солардың қатарында тыл еңбеккері Шақтай Жүсіпов те бар. Ол өз құқығын пайдаланып, үй жағдайында дауыс берді.

Үйде дауыс беруді ұйымдастыру әрбір азаматқа, жасына немесе денсаулық жағдайына қарамастан, ел үшін маңызды оқиғаларға қатысуға мүмкіндік береді. Шақтай Жүсіпов үшін дауыс беру — азаматтық парызын орындап, өз таңдауын жасап, ел болашағына өз үлесін қосудың маңызды жолы.

Аға буын өкілдеріне және қосымша қамқорлықты қажет ететін азаматтарға осындай жағдай жасалуы сайлау комиссияларының жауапкершілігін көрсетеді. Бұл әр адамның дауыс беру құқығын жүзеге асыруына жол ашып, қоғамда әділдік, құрмет пен тең мүмкіндік қағидаттарын нығайта түседі.