САРАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒЫТ-БАҒДАР

0
  1. Президентті 7 жылға және бір мерзімге ғана сайлау – депутаттардың ұсынысы. Бұл ықтимал құқықтық қарама-қайшылықтың алдын алады және Әділетті Қазақстан принципіне сай келеді.
  2. Президенттің жалпы өкілеттілігі 2 мерзімнен 1-ге, 10 жылдан 7-ге қысқарады. Бұл биліктің жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады.
  3. Жаңа саяси реформа барлық саяси жүйенің жаңа тәртіп бойынша жаңаруына бастайды.
  4. Қазіргідей геосаяси ахуалдың күрделеніп тұрған шағында Президенттің өкілеттілігін жеті жылға қысқарту ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
  5. Қазақстан демократиялық мемлекеттің жәй ғана үлгісі емес, біз Орталық Азия елдеріне жаңа тренд ұсынып отырмыз. Президенттің қайта сайлауға түсуін шектеу саяси жаңалық. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтас өңір үшін жаңалық.
  6. Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу еліміздің демократиялық даму бағытын айқындайды және барлық сауалдың жауабын береді.
  7. Конституцияға енгізілетін жаңа өзгеріс, яғни Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу жүйелі түрде іске асады. Мысалы, Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігін 8 жылға ұзарту туралы норма енгізіледі. Ал Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент өкілеттілігінен ұзақ болуы олардың дербестігін арттырады.
  8. Президентті бір мерзімге сайлау нормасы өзгертілмейді. Ол Конституцияға енгізілетін жаңа ереже бойынша бекітіледі.
  9. Президентті бір мерзімге сайлау нормасы әлемдік тәжірибеде 100 жылдан бері бар. Айталық, Израильде (7 жыл), Арменияда (7 жыл), Мексикада (6 жыл), Оңтүстік Кореяда (5 жыл). Қазіргі кезде Францияда Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау мәселесі талқыланып жатыр. Сондықтан бұл тенденция дүниежүзіне кеңінен тарап жатыр.
  10. Алдағы уақытта Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау механизімі әрбір жаңа Мемлекет басшысының өз бағдарламасын толық және алаңсыз орындауына мүмкіндік береді. Ол екінші мерзімге сайлауға дайындалып, уақытын бекер шығындамайды. Сонымен қатар, бұл Президенттің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Өйткені оған реформаларды іске асыруға өмірінде бір ғана мүмкіндік беріледі.
  11. Референдумда Президенттің қандайда бір саяси партияға мүше болуын шектеу, Мемлекет басшысының туған-туыстарының экономикалық және саяси лауазымды иеленуін шектеу секілді нормалар қабылданды. Ал Президентті бір мерзімге сайлау механизмі болашақта билікті меншіктеп алудың ықтималдығын жояды. Осылайша, билікті бір қолда шоғырландыруға мүмкіндік бермейтін тағы бір тәсіл енгізілмек. Осының арқасында біз биліктің суперпрезиденттік басқару жүйесінен түпкілікті бас тартамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ru_RUРусский