Еңбек ардагері ҚР Президентін сайлауда дауыс берді
Жарқайың ауданының құрметті ақсақалы, еңбек ардагері Сабырхан Нұрпейсов өзінің №484 сайлау учаскесіне таңертеңнен бастап алғашқылардың бірі болып келді. Сабырхан Уәлиұлы өз елінің тағдырына бей-жай қарамау керек, өз таңдауын жасай отырып, өз үлесін қосу керек деп санайды.
