Жарқайың ауданының әкімі Ж.К. Хамитовтың аналар күнімен құттықтау
2024 жылдың 12 мамыр күні Қазақстандағы барлық аналар үшін ерекше күн болмақ, өйткені дәл осы күні Аналар күні атап өтіледі, 2024 жылдан бастап мамырдың екінші жексенбісінде халықаралық мереке ретінде тойланатын болады! Құрметті аналар мен әжелер сіздерді аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана – әр нәрсенің бастауы, отбасының тірегі мен үміті, мейірім мен қамқорлықтың, сабырдың сарқылмас қайнар көзі. Бұл күн күлкіге, жылы лебіздерге және сізге айтылған ізгі тілектерге толы болсын. Сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық, береке және тыныштық тілеймін.
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К. Хамитов