Алтын құрсақты ана

0

Рахима Сұлтанова ауданымызда Рая есімімен танылған апамыз, көп балалы, алтын құрсақты анамыз 85 жасқа толып отыр. 50 жасында шіттей 10 баламен жесір қалып, жолдасынан жеткен аманатты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қоғамда өз орнын табатындай өсіріп, ер жеткізді. Олар: Пәриза, Мәрзия, Мапруза, Гульнара, Сауле, Жанна, Бибігүл, Алмагүл апаларымызбен Сағынтай және Серік ағаларымыз.
Рахима апа 1939 жылы 9 ақпанда Далабай (Братолюбовка) ауылында дүниеге келген. Есін білгеннен Есіл қаласында тұрып, бой жетті. Сол жерден өніп-өсіп, Қадеш ағамызды кездестіріп, бір сыныпта оқып, отбасын құрған. 11 құрсақ көтерген. Алланың жазуымен 1 баласы жастайынан шетінеген. Бүгінде 8 қыз 2 ұлы өз алдына үбірлі-шүбірлі болып отыр. 10 баладан 25 немере 19 шөбересі бар. Мерейтой қарсаңында ақ жаулықты, алтын құрсақты анамыздан сұхбат алуды жөн көрдік.

Дереккөз: “Жарқайың тынысы” газеті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ru_RUРусский