AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді
Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY – “AMANAT” партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.