Ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша
Көкшетау қаласының тұрғыны «Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне» қала базарынан сатып алынған мектеп пеналы үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша жүгінді.
Сатушы 2 500 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қайтарудан бас тартқан.
Кейін сатушы мен тұтынушыға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, тұтынушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді — 2 500 теңге толық көлемде қайтарылды.
Бұл жағдай тұтынушылардың құқықтары бұзылған кезде уақтылы көмекке жүгінудің, сондай-ақ төлемді және жағдайдың мән-жайларын растайтын құжаттарды, банк аударымдарын және хат-хабарларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.