Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті
2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті.
Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Іс-шара Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға, «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Акция аясында азаматтарға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары және басқа да мамандар қажетті құқықтық кеңестер берді.
Іс-шара облыс тұрғындары тарапынан оң бағасын алды.
Дереккөз: Ақмола облысының прокуратурасы