Наурызнама 2026

21 наурыз күні Наурызнама бойынша «Ынтымақ» күні болып саналады,осыған орай қаланың орталық алаңында «Наурыз – береке бастауы» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күніне арналған думанды мереке ұлттық дәстүр мен заманауи өнерді ұштастырып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.