ҚР жаңа Конституциясы жобасын талқылау

Жарқайын аудандық ауруханасында «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық тетіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында жобаның негізгі ережелері бойынша Жарқайын ауданы әкімінің орынбасары Арай Әбенова, Жарқайын аудандық мәслихатының төрағасы Асылхан Әлжанов және «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Айбек Сілеухадір түсіндірме жасады.