Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің шынайы үлгісін көрсетіп отырған мемлекет

Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің шынайы үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміз барлық ұлт өкілдеріне тең мүмкіндік пен жағдай жасап, көпэтносты қоғамда өзара түсіністік пен достықты нығайтып келеді. Бұл – оңай жетістік емес. Ел ішінде ұлтаралық қақтығыстардың болмауы, тұрақтылықтың сақталуы – мемлекеттің сарабдал саясатының және халықтың парасаттылығының нәтижесі.
Бүгінде Жарқайың ауданында да түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлттың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарап, ортақ мүдде жолында еңбек етуі – ел ішіндегі бірліктің нақты көрінісі. Бұл — Қазақстанның әр азаматының бейбітшілікке, келісімге деген ұмтылысының нәтижесі.
Бейбітшілік – дамудың, ал келісім – табыстың кепілі. Қазақстан әлемге татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп, халықаралық деңгейде де бейбіт бастамалар ұсынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміз одан әрі өркендей бермек. Қазақстанның жарқын болашағы – өзара түсіністік пен сенімде!
Шадияр Сыздыкова, жергілікті қоғамдастық мүшесі