Аршалы ауданында ҚХАА-ның «Еңбек күші: халықтың бірлігі» жобасы аясында іс-шара өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 тамыз күні Аршалы ауданында «SG Brick» ЖШС базасында ҚХАА-ның «Еңбек күші: халықтың бірлігі» жобасы аясында іс-шара өтті.
Аталған жоба білікті еңбекті, мамандықтардың алуан түрлілігін насихаттауға, сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған.
Шара барысында Аршалы ауданының әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Абай Кажетов қатысушыларға құттықтау сөз арнады.
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова жоба маңызы туралы баяндап, ауданның белсенді азаматтарын Алғыс хатпен марапаттады.
Дереккөз: Ақмола облысының ІСБ