Тентіреу аяқталды

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда.

2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар кызы кайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгінгі күні қыз бала медициналык тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезенде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

Анықтама: 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ru_RUРусский