Қазақстанда Конституцияның жаңа редакциясының жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтіп жатыр. Азаматтар өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, ұсынылып отырған өзгерістерді әлеуметтік желілерде, қоғамдық алаңдарда және кәсіби ортада талқылауда. Жарқайын ауданының тұрғындары да бұл үдерістен тыс қалмай, талқылауға белсене қатысуда.