Жарқайың ауданында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен «Азаматтардың құқықтарын қорғау: жаңа конституциялық тетіктер» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру, олардың қоғам өміріндегі маңызын талқылау және азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін насихаттау болды.