Тұтынушының құқықтары қорғалды,тұрғын құны 25 000 теңге тұратын тон сатып алуға байланысты көмекке жүгінді

WhatsApp Image 2026-11-23 at 15.39.02

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне құны 25 000 теңге тұратын тонды сатып алуға байланысты құқықтарының бұзылуы мәселесі бойынша тұтынушы жүгінді.

Сатып алғаннан кейін белгілі бір қиындықтарға тап болған азамат өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік органнан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

Департамент мамандары тұтынушының өтінішін қарап, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бұзылған құқықтарды қалпына келтіру тетіктері туралы қажетті түсіндірмелер берді.

Айта кету керек, әрбір тұтынушы сапалы тауар сатып алуға, тауар туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға және сатушымен арада даулы жағдайлар туындаған кезде өзінің заңды мүдделерін қорғауға құқылы.

Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті еске салады: егер сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылса, мәселені назардан тыс қалдырмаңыз. Сіз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға кеңес пен көмек алу үшін жүгіне аласыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – әр азаматтың өз құқығын білуі мен оны белсенді түрде қорғауынан басталады!