Тоқаев шахтер мен ауыл жұмыскеріне «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

WhatsApp Image 2025-10-24 at 12.47.57

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды

Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешенін және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені:

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына;

Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ КД «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Чернобай Сергей Петровичке тапсырылды.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

ru_RUРусский