Темір жол – бұл жоғары қауіп пен тәуекелдің аймағы болып табылады
Темір жол – бұл жоғары қауіп пен тәуекелдің аймағы болып табылады. Денсаулыққа зиян келтіретін, жарақат алатын, жазатайым оқиғалар көп жағдайда теміржол көлігіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе адамдардың өз абайсыздығынан орын алады.
Темір жол өткелі – бұл асқан қырағылықты және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап ететін, жолдың ең қиын және қауіпті учаскелерінің бірі. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің қатарында көлік жүргізушілерінің өткелдерден өту кезіндегі тәртіпті сақтамауы, жол қозғалысы ережелерін бұзуы болып табылады. Бұған басты тән белгі, темір жол өтпелерінен өту жұмыс істеп тұрған өтпелі сигнализацияда тыйым салу көрсеткіштері тұрған кезде орын алуы.
Құрметті жүргізушілер! Теміржол өткеліне жақындаған кезде абай болыңыздар! Келе жатқан пойыздың алдынан өту туралы шешім қабылдамаңыз, қозғалыс жағдайын бағалаудағы қателікке жол бермеңіз. Пойызды кенеттен тоқтату мүмкін емес екенін есте сақтаңыз, Сіз өз өміріңізге және жолаушылардың өміріне қауіп төндіресіз! Өзіңізді, жаныңыздағы жолаушыларды, пойыздағы және өту аймағындағы адамдарды қауіп-қатерге әкеп соғатын жағдай туғызбаңыздар! Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың амандығы сізге байланысты! Болмашы минуттарды үнемдеймін деп, асығыстық танытпаңыз, сіздің шешіміңізден талай жан зардап шегуі мүмкін екенін есіңізде сақтаңыз!