Креативтілікке басымдылық

Бүгінгі таңда креативтілік өмірдің барлық салаларында сұранысқа ие. Креативті индустрияны дамыту экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таланттарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, саланы ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұсынды.
Барған сайын өзара байланысқан әлемде шығармашылық салалар, соның ішінде өнер, мәдениет, медиа, дизайн және технология экономикалық, әлеуметтік және мәдени прогрестің маңызды драйверлеріне айналуда. Бұл салалар инновациялар мен шығармашылықты ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс орындарын ашады, экономикалық өсуге және мәдени әртүрлілікті арттырады.
Бүгінгі күнде облыста барлығы 500-ден астам субъект тіркелген. Өңіріміз ұлттық киім тігу және аксессуарлар, музыкалық аспаптар, зергерлік, ағаш, сүйек және былғары бұйымдар жасау сияқты бағыттар бойынша көш бастап келеді.
Креативті индустрияны қолдау мақсатында шаралар қабылдануда. Оның ішінде әрбір облыс орталығында және ірі қалаларда осы индустрияның орталықтарын құру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері жөнінде көмек көрсету. Осыған байланысты Ақмола облысында келесі жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылы «Наурызнаманың» онкүндігі аясында «РИО» сауда ойын-сауық орталығында алғаш рет жетекші креаторлардың қатысуымен «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы (қолөнер шеберлерінің көрме-сатылымы және халық фольклорлық ансамбльдерінің концерті) ұйымдастырылды, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 наурыз халықаралық әйелдер күні аясында дәстүрлі түрде өткізілді.
«Көшпенділер мұрасы» open space аймағы аясында креаторлардың көрме-жәрмеңкесінде: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігу шебері – Қарымсақова Ұлжалғас, сырмақ, ши, басқұрлар, шашақбау – Смағұл Кенжебай, «Күнтай құрақ» брендінің негізін қалаушы, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын тігу шебері – Серікжанова Гүлнар, киіз басу шебері – Орынбаева Гүлнар, киізден аяқ киім басу шебері – Какимова Алма, саздан және киізден бұйымдар жасау бойынша шебер – Фризен Вера, қыздарға арналған бас киім тігу шебері – Досмағанбетова Шынар, ұлттық стильдегі зергерлік бұйымдар жасау шебері – Сұлтанова Жібек, ұлттық стильдегі балалар киімдерін тігу шебері – Муслимова Ғалия, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер жасау шебері – Медетова Гайша, ұлттық әшекейлер жасау шебері – Саркина Әсем және Мұғжанова Гүлжанат, сәндік жастықтар жасау шебері-Серікжанова Гүлнар, саздан бұйымдар жасау шебері – Саттыбаева Анар.
Ақмола облысы Ұлы даланың ұлылығын, ежелгі дәстүрлер байлығын және көшпенділер мәдениетінің өшпес мұрасын жаңғырту мақсатында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Көшпенділер Әлемі» этноауылында өткен «Шығыс базарына» қатысып, өңіріміздің ұлттық бұйымдарды жасаушы 10 үздік шебері 5,0 млн. теңгеден астам сомаға өнімдерін сатты. Сондай-ақ, халықаралық спорттық жарыстар мен форумдарды өткізу аясында Бурабай, Зеренді және Қорғалжын аудандарының аумағында облыс креаторларының көрме – жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Жыл сайын өңірімізде мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қорынан 200,0 млн. теңгеге жуық сомаға гранттар мен субсидиялар бөлінетіні көңіл қуантады.
Өткен жылы ғана «Jeti Qazyna» зияткерлік ойынын іске асыру үшін жобаның авторы Байжолов Әсет 4,6 млн. теңге сомасында грантқа ие болды, сондай-ақ мансаптық орталықтар мен үйлестіру басқармасы арқылы «Бастау» жобасы шеңберінде бизнес идеяларды іске асыруға жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар бөлінді.
Ақмола облысының мәдениет басқармасы креативті индустрия субъектілерінің картасы мен тізілімін жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл бойы осы бағыттың өкілдеріне өнімдерді, қызметтерді коммерцияландыру бойынша оқыту семинар – тренингтерін өткізу, сондай-ақ, өңіріміздің әр ауданы мен қалаларында шығармашылық орталықтар мен хабтар құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында «Салтанат» сарайында орналасқан этно-шеберханасы өз жұмысын жүргізуде. Ағымдағы жылы Қосшы қаласының мәдени-демалыс кешенінде креативті орталық ашу жоспарланған(жеке инвестициялар есебінен құрылыс), сондай-ақ, Зеренді аудан орталығында музей ғимаратында сәулет және дизайн, туристік жобалар, фото, бейне және аудио контент, компьютерлік ойындар, қолданбалы өнер туындыларын, ойын және анимациялық фильмдер жасайтын кластер резиденттерін орналастыру көзделіп отыр.
Мұндай кеңістіктердің басты артықшылығы – серіктестер табу, шығармашылық ресурстарды біріктіру, әртүрлі бағыттардың түйіскен жерінде шығармашылық жобалар құру, синергия әсері бар ортаны қалыптастыру мүмкіндігі. Негізгі акцент – тұрғындар мен қонақтарды тарту, республикада шикізаттық емес экономиканы қалыптастыру.
Барынша жайлылық үшін кластер «Қаладағы қалалар» қағидаты бойынша – резиденттердің өмірі, жұмысы және демалысы үшін толыққанды инфрақұрылыммен құрылатын болады.
Адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этномәдени қозғалыстың ауқымды іс-шарасына облыс әкімдігі креаторлардың халықаралық және республикалық ауқымдағы жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысуы үшін тұрақты негізде жағдай жасайды. Оларға көрмелер мен шеберлер шығармашылығының өнімдерін сату үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында өткен БРИКС елдерінің креативті индустриялар саммитіне Ақмола облысының өкілдері қазақстандық делегация құрамында қатысты.
Халықаралық кездесудің негізгі мақсаты – шығармашылық сектордың экономикалық әлеуетін талқылау және ілгерілету, сәулет және урбанистика, ІТ, кино, видео және фотография, музыка, дизайн және қазіргі заманауи мода өнері сияқты бағыттарда желі құру және тәжірибе алмасу.
Өңірдегі дамуды одан әрі қолдау үшін «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде креативті индустрия өкілдеріне грант бөлу және субсидиялау тұрақты бақылауда. Статистика көрсеткендей, тек 2023 жылы 13,5 млн.теңге сомасына 4 грант бөлінген. 2024 жылы КИ 4,6 млн. теңгеге 1 грант және «Бастау» жобасы шеңберінде бизнес идеяларды іске асыруға ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар бөлінді.
Айтбаев Досұлан Ерланұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары