Жарқайың ауданында дауыс беру басталды

WhatsApp Image 2026-11-29 at 07.14.23

Бүгін, 29 қарашада, еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Жарқайың ауданында да мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сағат 7:00-де сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

Аудан тұрғындары алдағы бес жылда халықтың мүддесін білдіретін, өңірдің даму басымдықтарын айқындауға және өзекті мәселелерді шешуге атсалысатын облыстық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Азаматтар өз сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын GOV.KZ порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы біле алады.