Алматы облысында құны шамамен 21 млрд теңгені құрайтын астық кешені салынып жатыр

WhatsApp Image 2026-09-15 at 18.53.56

Еңбекшіқазақ ауданында астық және майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, сақтау және тасымалдауға арналған заманауи кешеннің құрылысы жүргізілуде.

🔹 Жобаның жалпы құны — шамамен 21 млрд теңге;
🔹 жобалық қуаты — 120 мың тоннаға дейін;
🔹 2026 жылы қуаты 30 мың тонналық алғашқы нысанды іске қосу жоспарланған;
🔹 2027 жылы осындай қуаттағы тағы бір нысан іске қосылады;
🔹 жоба толық қуатына шыққанда шамамен 30 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Кешен Германия мен Испанияның заманауи жабдықтарымен жарақтандырылуда. Теміржол инфрақұрылымына жақын орналасуы ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау мен жөнелтуді жеделдетіп, тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта ұзындығы шамамен 3 км теміржол желісін дамыту жоспарланған. Өнім Қазақстан өңірлеріне жеткізіліп, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа да елдерге экспортталмақ.

Жоба астық сақтау қуатын арттырып, аграршылар үшін логистикалық шектеулерді азайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға өткізу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.