Абай Мырзахметов атындағы университетінің студенттерімен кездесу өткізілді

WhatsApp Image 2025-11-13 at 15.55.59

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Заң және тәртіп» нарративі аясында, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

«Заң мен тәртіп» нарративінің мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін нығайту, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру, құқықтық теңдікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау норма болып табылатын тұрақты қоғам үшін жағдай жасау.

Аталған шараға, «Esbol qory»қоры жанындағы «Есірткісіз болашақ» филиалының фронт-кеңсесінің басшысы – Даниал Қуанышпекұлы Жағупар, Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Ағыикқызы Назарова, Көкшетау қаласы ПБ, ЖПҚБ ЮПБ ПУИ, полиция аға лейтенанты Тасбергенова Эльмира Бағланқызы, Ақмола облысы ПД, есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі – Курсанова Разия Талғатқызы, аталмыш оқу орнының студенттері мен ұстаздары, ұйымдастырушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазіргі заман талабына сай, барлығымыз цифрлық кезеңде өмір сүрудеміз. Қажетті затты сатып алу, шоттарды аудару, төлемдер, мемлкеттік қызмет көрсету және т.б. ұялы телефонымыздың ішінде бар. Алайда, осы ыңғайлылық пен қоса интернет алаяқтылық қаупі де бірге өршіп дамып келе жатыр. Интернет алаяқтық жай ғана қылмыс емес — бұл XXI ғасырдың нақты проблемасына айналған жаппай әлеуметтік құбылыс.

Технологияның дамуы мен интернеттің кең қолданысының таралуына байланысты интернет-алаяқтық тек Қазақстан ғана емес, көптеген басқа елдер де кездесетін күрделі мәселеге айналды.

Қорыта айтқанда, интернеттегі алаяқтық Қазақстанда үлкен қауіп болып табылады. Тек дұрыс сақтық пен ақпараттандыру шаралары арқылы сіз өзіңізді және қаржылық мүдделеріңізді қорғай аласыз. Жеке ақпаратты беру кезінде сақтық,  сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану желідегі алаяқтықты болдырмаудың негізгі факторлары болып табылады. Бұл мәселемен күресуде білім мен хабардарлық та маңызды рөл атқарады» — деп мәлімдеді өз сөзінде Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Назарова.

 Шара барысында әр спикер баяндамаларын оқып, презентациялары мен бейнебаяндарын көрсетіп, кейін студенттермен сұрақ-жауап форматына ауысып, қойылған сұрақтарға сапалы жауаптар алды.

Дереккөз: Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

ru_RUРусский