Таңдау бірге жасалғанда

WhatsApp Image 2026-03-15 at 10.30.12

Жас Хамитовтар отбасы референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін №482 сайлау учаскесіне келді. Маңызды сәтте олар учаскеге бірге кіріп, әрбір дауыстың ел тағдыры үшін маңызды екенін терең түсінетінін көрсетті.

Хамитовтар отбасы үшін референдумға қатысу – жай ғана азаматтық міндет емес, бұл ел болашағы мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Олардың таңдауы – тұрақтылыққа, дамуға және мемлекеттің жарқын болашағына қосылған үлес.

Осындай отбасылар елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтың үлкен істерден емес, осындай маңызды қадамдардан басталатынын көрсетеді. Жеке жауапкершілік, саналылық пен бірлік арқылы берік қоғам мен нық болашақ қалыптасады.