Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

WhatsApp Image 2026-11-26 at 15.35.07

Ақмола облысының Ерейментау ауданында сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, 47 жастағы жергілікті тұрғынды бұрын бірге тұрған ер адам үш ай бойы мазалап, қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, кездесуге мәжбүрлеген.

Аталған әрекеттер әйелдің жеке өміріне қол сұғу және оның тыныштығын бұзу белгілерін қамтиды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Аталған бапқа сәйкес, сталкинг жасағаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы көзделген.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сталкингтің кез келген түріне жол берілмейтіні түсіндіріледі. Азаматтардың жеке өміріне қол сұғу мен мазалау әрекеттері заң аясында жауапкершілікке әкеп соғатынын естен шығармаған жөн.