«Пятигорочка» ұжымы сахналық костюммен келіп дауыс берді

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.14.42

1980 жылы Пятигор ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Пятигорочка» фольклорлық-вокалдық ұжымы аудан тұрғындарын өз өнерімен әлі де қуантып келеді. Ұжымның музыкалық жетекшісі — ауыл тұрғыны С. Ефимова. 2009 жылы ұжымға «Халықтық» атағы берілсе, 2014, 2018 және 2022 жылдары бұл жоғары атақ қайта расталды.

Ұжым репертуарында қазақ, орыс, украин және беларусь тілдеріндегі халық әндері бар.

Бүгін кезекті концерттік бағдарламадан кейін ұжым мүшелері уақыт жоғалтпай, бірден сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге қатысты. Олар сахналық костюмдерін шешпестен дауыс беріп, белсенді азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті.

«Пятигорочка» ұжымының бұл қадамы мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің өзара үндесіп, ел үшін маңызды оқиғаларға қатысудың жарқын үлгісі бола алатынын көрсетті.