Осы күндері Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Мен – елімнің ертеңімін!» облыстық форумы өтіп жатыр!
Ақмола облысының 11 ауданынан, 3 қаласынан және облыстық арнайы мектеп-интернатынан келген 75 жас көшбасшы, 15 команда бас қосып, мектептегі өзін-өзі басқару тәжірибесін талқылап, жаңа идеялармен бөлісуде.
Форумда көшбасшылық, командамен жұмыс, қоғамға пайдалы бастамаларды ұйымдастыру бойынша тренингтер, пікірталқылар өтіп жатыр. Сонымен қатар «Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» үздік портфолио байқауы да жалғасуда.
Жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігі, белсенділігі, шығармашылығы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» бағыты бойынша көзқарасы басты назарда.
Ұйымдастырушы: «Ақмола дарыны» орталығы
Ақмоланың жас көшбасшылары – ел ертеңіне сенімді қадам жасауда!
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
Дереккөз: Ақмола облысының білім басқармасы