Жарқайың ауданының Құрметті азаматы өз таңдауын жасады
Дауыс беруге қатысқан аудан тұрғындарының қатарында Жарқайың ауданының Құрметті азаматы Олег Петрович Решетнев те бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, ел үшін маңызды науқанда өз азаматтық ұстанымын білдірді.
Олег Петровичтің айтуынша, осындай маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу – әр азаматтың жауапкершілігі мен ел болашағына бейжай қарамайтынының айғағы. Оның сөзінше, дауыс беру – өз пікіріңді білдіріп, мемлекеттің келешегіне өзіндік үлес қосуға, елдің одан әрі дамуын қолдауға берілетін мүмкіндік.
Аудан тұрғындары ардақты жерлестердің, аға буын өкілдерінің өнегелі ісі көпшілікке үлгі болып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларға белсенді қатысудың маңызын айқын көрсететінін атап өтуде.