Берілген есеп шындыққа сәйкеспеген

WhatsApp Image 2025-12-01 at 09.59.40

Зеренді аудандық прокуратурасында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асырудағы уәкілетті органдардың қызметі талданды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының геопорталы арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде Зеренді ауданында рұқсат етілмеген 128 қоқыс тастау орны анықталған. Өз кезегінде ауылдық округтердің әкімдіктері олардың толықтай жойылғаны туралы есеп берген.

Алайда, жүргізілген тексеріс нәтижесінде қоқыс үйінділері іс жүзінде жойылмағаны, жұмыстардың тек қағаз жүзінде орындалғаны анықталды.

Қадағалау актілерінің нәтижесі бойынша ауданның 17 ауылдық округі әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Нәтижесінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 5810 текше метр көлемінде қалдықтар шығарылды.

Сонымен қатар, ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған заңдастырылған полигондар жоқ, барлық қалдықтар жергілікті атқарушы органдар белгілеген, экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сай келмейтін алаңдарға төгіледі. Соған қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қоқыс полигондарын заңдастыру және талаптарға сәйкестендіру бағытында нақты шаралар қабылданбай отыр.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс прокуратура органдарының алда да тұрақты бақылауында болмақ.

Дереккөз: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

ru_RUРусский