Ақмола облысының екі көлік саласы қызметкері Президент марапатына ие болды

WhatsApp Image 2025-08-01 at 18.05.25

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, саланың үздік өкілдеріне мемлекеттік марапаттаулар табыстады. Марапатталғандар қатарында – еліміздің көлік жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан Ақмола облысының екі тумасы бар, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақмола облысындағы «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының бас инженері Айтқожа Назарқызы Сүлейменова марапатталды. Сүлейменова кәсіби ортада кеңінен танымал – ол көптеген жылдар бойы өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың инженерлік қамтамасыз етілуіне жауап беріп келеді.

Осы жоғары марапаттауға Ерейментау станциясының электровоз машинисі, Екібастұз пайдалану локомотив депосының қызметкері Сергей Геннадьевич Щеголевте ие болды. Оның көп жылдық еңбегі жүк тасымалының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ал тәжірибесі мен жауапкершілігі жоғары деңгейде бағаланды.

Өз сөзінде Президент көлік саласының стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, оның дамуы тек жолдар мен магистральдердің құрылысы ғана емес, әрбір жобаның артында тұрған нақты адамдардың еңбегі екенін ерекше атап өтті.

«Көлік жүйесі – экономиканың қозғаушы күші, прогресс пен өркендеудің кепілі. Қазақстан – Еуразияның маңызды транзиттік тораптарының бірі, және біз бұл мәртебемізді одан әрі нығайта береміз. Мұндай марапаттар – бұл күн сайын осы жұмысты жүзеге асырып жүрген жандардың еңбегіне берілген баға», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтқожа Сүлейменов пен Сергей Щеголевкқа табысталған марапаттар – өңір мен оның тұрғындарының ел көлік саласының дамуына қосқан үлесінің мойындалуы.

Дереккөз: Ақмола облысының ӨКҚ

ru_RUРусский